Жарма ауданындағы "Көктем-2021" жаттығуы

Жарма ауданындағы "Көктем-2021" жаттығуы

2021 жылдың 3 наурызында Жарма ауданының аумағында "Көктем-2021"РКШЖ өткізу барысында көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша арнайы - тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Тактикалық арнайы жаттығу өткізу барысында Қалбатау ауылында орналасқан  ДЭУ-28 аумағында   Жарма ауданының азаматтық қорғау қызметтері сапқа тұрғызылып күштер мен құралдардың дайындық жағдайлары  Жарма ауданының әкімі А.А.Нұрғожиннің басшылығымен тексерілді.

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, күрт ауа райының жылынуына байланысты  Ханым өзенінің су деңгейі көтеріліп, өзен арнасынан асып өзенге жақын орналасқан 5 тұрғын үйге су басу қаупі төнді. Оқу-жаттығу барысында Жарма ауданының азаматтық қорғау қызметтерімен барлық қажетті іс-әрекеттер атқарылды, атап айтқанда, су сору жұмыстары, инертті материалдарды қаптарға салып орналастыру, халықты эвакуациялау және орналастыру.

Жарма ауданы ТЖБ-і