
Жарма ауданының ТЖБ қызметкерлері №32 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Жарма ауданындағы орналасқан білім беру ошақтарындағы мектеп түлектерімен кездесу өткізуде. Көкшетау техникалық институты Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау мамандарын даярлайтын жалғыз мекеме. Кездесудің мақсаты-әрбір түлекке институт туралы ақпаратты жеткізу.
Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына кандидаттарды іріктеу және қабылдау ережелері туралы айтты. Болашақ түлектер Институтта «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардан қорғау» және «Азаматтық қорғаныс командалық-тактикалық күштері» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар білікті қызметкерлер дайындайтын туралы білді. Сондай-ақ, қызметкерлер Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ТЖМ оқу орындарында халықаралық ынтымақтастық арқасында Қазақстан Республикасының есебінен курсанттар оқып жатқандығын және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін барлық мүмкіндіктері бар екендігіне туралы жеткізілді. Ал бейне-жазбаларды көргеннен кейін оқушылар Көкшетау техникалық институты жайлы естігені мен көргеніне шынайы қызығушылық танытты.
Іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар институтқа түсу ережелері туралы сұрақтар қойды. Қызығушылық танытқан тұлғаларға ақпаратты білуге болатын буклеттер мен брошюралар берілді. Сонымен қатар, барлық ақпаратты алу үшін өзіміздің мекен жайымызды, телефон нөмерлерді ұсындық және де Instagram қосымшасындағы shygysgaz_tjd парақшасына жазылуға ұсыныс бердік.
Жарма ауданы ТЖБ-і