Жарма аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның  бірінші ұйымдастыру сессиясы туралы

Жарма аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның   бірінші ұйымдастыру сессиясы туралы

Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен 2021 жылдың 14 қаңтарында, Жарма ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратында, Жарма аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның бірінші ұйымдастыру сессиясы шақырылды.

Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанат Сырлыбаевна Есенжолова жетінші шақырылымның бірінші сессиясын ашып, бекітілген регіламентке сәйкес, 2021 жылдын 10 қаңтарында өткен сайлаудың қорытындыларын жариялады. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйегтеі  № 21/323 қаулысы негізінде, Жарма ауданында сайланатын депутаттардың саны 12 депутат құрады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, депутаттардың өз араларынан ашық дауыспен бірінші ұйымдастыру сессиясының төрағасы болып Кайратбек Жумагельдинович Догалбаевты, Жарма аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның хатшысы болып Мейрхан Мелисович Оспанбаев сайланды.

Сонымен қатар, бекітілген күн тәртібіне сәйкес, депутаттық корпуспен аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның өз өкiлеттiгi мерзiмiне үш тұрақты комиссиялар құрылды.

Жарма аудандық мәслихатының жетінші шақырылмның депутаттары:

№

Аты-жөні

Қай  партиядан

1

Абдрахманов Маутхан Курманбаевич

  «NurOtan» партиясынан

2

Догалбаев Кайратбек Жумагельдинович

  «NurOtan» партиясынан

3

Канапьянов Ерзат Бияхметович

  «NurOtan» партиясынан

4

Мурумбаев Эрдос Какытевич

  «Ауыл» ХДП

5

Мусагитов Курмангазы Айтказинович

  «Ақ Жол» КНП

6

Оспанбаев Мейрхан Мелисович

  «NurOtan» партиясынан

7

Разиева Диляра Багдатовна

  «NurOtan» партиясынан

8

Рамазан Мейір Қайырғазыұлы

  «NurOtan» партиясынан

9

Садыкова Найля Мерекеновна

  «NurOtan» партиясынан

10

Тулеубаева Курма Нукеновна

  «NurOtan» партиясынан

11

Узаков Ринат Сымбатович

  «NurOtan» партиясынан

12

Шәріпбаева Әлия Жұмағазықызы

  «NurOtan» партиясынан