
2020 жылдың 24 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің онлайн режимінде кезекті отырысы өтті. Жиналысқа әкімшілік аумақтық бірліктер әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Жиында аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына жол- жөндеу жұмыстарының қорытындылары және қалыпта ұстау туралы тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы М.Жансеитов баяндама жасады. Сонымен қатар Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.Сейтказина, білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймуратов және қаржы бөлімінің басшысы Г.Серикболова ақпарат ұсынды. Аудан әкімі күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге сәйкес жауапты мекеме басшыларының есебін назарға ала отырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.