ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты

ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты

Институт туралы ақпарат 

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жəне кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификатының балдарына сəйкес жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ жəне КТ нəтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

екінші кезеңде медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сəйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу, 100 м жүгіру, 3000 м жүгіру.

төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу жəне Институт курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шетелдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.

Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.

 

ИНСТИТУТТА ОҚУ ШАРТТАРЫ 

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

 

МАМАНДЫҚТАР

- 5В100100-Өрт қауіпсіздігі;

- 5В103100 Төтенше жағдайларда қорғау.

Жарма ауданы ТЖБ-і