
Жарма ауданында мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. 2020 жылдың 16 қараша күні Әуезов кентінде маскалық режим мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына мониторинг жасады. Мониторинг барысында мамандар бірқатар нысандарды аралап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.