От жағатын пешті қауіпсіз пайдалану

От жағатын пешті қауіпсіз пайдалану

Пеш алдындағы жағатын жердің еденінде ақауы жоқ ауданы 50*70 см кем емес, жанбайтын материалдан бет болуы қажет.

Пештің жағу есігі жағынан келістері ашық, бос болуы қажет. ЖиҺаз пештен 70 см ара қашықтықта, ал жағу тесіктерінен 125 см кем емес ара қашықтықта орналасуы шарт.

Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсізідгінің ережелерін сақтауға қатысты, келесі жағдайларда пешті пайдалануға болмайды:

- Есіктері жарамайтын және жарықтары бар пештерді жағуға. Сол жарықтардан және жаман жабылатын есіктерден от сыртқа шығуы мүмкін, онда өртті болдырмау мүмкін емес;

- Пешті тез жанғыш сұйықтықтармен жағуға (бензин, керосин, еріткіш т.б.). Тез жанғыш сұйықтықтарды пайдаланған кезде будың тарс етіп тұтануы болады, және жағатын тесіктен от сыртқа шығады. Бұл өрт пайда болуымен қоймай қатты күйікке алуға соқтыруы мүмкін;

- Пеш жаққанда оның жаққыштың көлемінен асатын ағаштарды пайдалану;

-  Ашық отпен пайдалануда тәжірибесі жоқ кішкентай балаларға пеш жағуға рұқсат беру;

-  Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе жас балалардың қарауына қалдыру;

-  Пешті ашық есіктермен жағу. Ашық есіктен еденге түсіп кеткен көмір өртке әкеліп соқтыруы мүмкін;

-  Пеште және оның қабырғаларында киім немесе басқа да тез жанғыш заттарды кептіруге;

-  Пешті шектен тыс қыздыру. Пешті шектен тыс қыздыруды болдырмау үшін күнде оны екі-үш рет жағу ұсынылады.

-  Пеш жағуды ұйықтардан екі сағат бұрын тоқтату керек;

Кез келген жылыту құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Пештердің беттері мен түтін мұржаларын жүйелі түрде шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден тазаланып отырылуы керек. Күл мен қожды арнайы белгіленген қауіпсіз орындарға төгіп, үстіне су құю керек.

Кірпіш қалауындағы жарықтарды болдырмау мақсатында үш айда бір рет жиналған күйеден тазалап, мұржаны уақытымен түтін тартуының болуына тексеру қажет.

Жарма ауданы ТЖБ-і