Рухани келісім күніне орай, Қалбатау ауылындағы Достық үйінде «Дінаралық келісімнің қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Бас қосуды «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сінің басшысы М.С.Матанов кіріспе сөзбен ашып, бұл атаулы күннің тарихы мен мәніне қысқаша тоқталып өтті.
1992 жылы Алматы қаласында өткен І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресіне қатысушылар қазанның 18-ін Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған болатын. Содан бері бұл күн қоғамымыздағы өзара түсініс¬тікті нығайту күні ретінде дәстүрлі түрде атап өтілуде.
Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы» Жарма аудандық мешітінің» бас имамы Т.Қ. Елеуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.О.Есполов, қоғамдық келісім орталығының мүшесі, Қалбатау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы С.С.Нургазинова, Абай атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі М.Қ.Рамазан тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.
Шараға қатысушылар нақтылы тақырыптар төңірегінде қатысушылар аясын кеңейту, әлеуметтік желілердегі хабарламаларға, отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлу туралы ұсыныстарын білдірді.