Жарма ауданы  аумағында Республикалық «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Жарма ауданы  аумағында Республикалық «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, Жарма ауданы аумағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 2 қылмысқа жол берілген, өткен жылы осы кезеңде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыс болған жоқ, яғни қылмыстың жасалуы 200 % өскен. Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстардың саны ШҚО бойынша да өткен жылмен салыстырғанда  19.8  % немесе 96 дан 115 дейін өсуі байқалады. Осыған орай криминогендік ахуалды оңалту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында масаң күйде  ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу  мақсатында 2020 жылдың 01-04 қазан аралығында Жарма ауданы  аумағында Республикалық «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Өткізілетін іс-шараның негізгі мақсатының бірі болып, Учаскелік полиция инспекторларының қолда бар барлық ықпал ету нысандарын «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «маскүнем», «нашақор», «қолайсыз отбасы», «Әкімшілік қадағалауда тұрған», «Әкімшілік қадағалау туралы» Заңның әрекетіне «Формальды түрде жататындар» және «Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» санаттары бойынша есепте  тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша  100% тексеру, олармен профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмысты жандандыру болып табылады. Сондай ақ, тексеру барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1 (1-1-бөлігі), 73-2 баптарында (1-1-бөлігі), 127, 133, 200, 440, 442, 461 - баптарында және 669– бабында (2,3 ,4-бөлігі) көзделген құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлінетін болады.  

Жарма АПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Е.С. Кабдуалиев