Өрт қауіпсіздік ережелері

Өрт қауіпсіздік ережелері

Жарма ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері азаматтардан жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтауды және өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды.

Келесі ұсыныстарды сақтай отырып, сіз жылыту маусымында үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз:

- жаңа жылыту жабдықтарын орнату білікті мамандармен жүргізілуі тиіс;

- жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулауы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады.

- электр қыздырғыш құралдарды жанғыш заттардың жанына қоймаңыз.

- үйден шыққанда барлық электр жылыту құралдарын өшіруді ұмытпаңыз.

- жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы бойы әрбір үш ай сайын түтіндіктерді күйеден тазартуды ұмытпаңыз.

- есіктері жарамсыз, мұржалардан қабырғалардың ағаш конструкцияларына, аражабындар қалқаларына дейін жеткіліксіз жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз.

- пештің жанында пеш алдындағы парақ (өлшемі кемінде 70х50 см) бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

- жанып жатқан пештерді, жағылған керосиндерді, керогаздарды, примустарды, қосылған электр жылыту және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз.

- электр желісіне электр желісінің шамадан тыс жүктелуін тудыратын бірнеше қуатты электр энергиясын тұтынушылардың (электр плитасы, электрокамин, шәйнек және т.б.) бір уақытта қосылуына жол бермеңіз.

- стандартты емес қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдалану үлкен қауіп төндіреді.

- барлық тұрмыстық электр құралдарының жарамдылығын қадағалаңыз.

- газ құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.

- газ плитасының үстінде киімді кептіруге болмайды.

- пәтерде газ иісі болған жағдайда электр жарығын қосуға, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға болмайды. Бұл жағдайда жедел авариялық газ қызметін шақыру және ол келгенге дейін үй-жайды мұқият желдету қажет.

- газ плитасы жанған, пеш жағылған немесе электр аспаптары қосылған кезде балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.

- өрт немесе түтін пайда болған жағдайда өрт сөндіру қызметіне нақты мекен-жайын көрсете отырып дереу хабарлаңыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і