
2020 жылдың қыркүйек айының 21 мен 25 аралығында Жарма аудандық полиция бөлімімен басқа да атқарушы мемелекеттік органдардың қатысуымен кең ауқымды «Борышкер» іс шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның екі күнінде полиция қызметкерлерімен әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың үй-жайлары араланып 217-ден астам әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлеу туралы ескерту таратылды. Сонымен қатар ескерту тарату барысында азаматтарға әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлемеген жағдайда заң алдында жауапқа тартылатындығ ескертіледі. Аталған екі күнде 345 980 теңгеге 34 қаулы орындалды. Ерікті түрде төлеу уақыты өткен 236 130 теңгеге 20 қаулы мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушылар палатасына жолданды.
Аудан тұрғындарына, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған азаматтарға айта кетсек, әкімшілік заңнамаға сәйкес азаматтар 7 тәулік ішінде салынған әкімшілік айыппұлдың 50 % төлеуге құқылы. Сол мақсатта әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматқа әкімшілік хаттаманың көшірмесімен бірге әкімшілік айыппұлдың 50 % көрсетілген түбіртек табыс етіліп оны қалай төлеу керектігі түсіндіріледі.
Жоғарыда айтылғандармен қоса Жарма АПБ әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік айыппұлдың бар-жоқтығын төмендегідей жолмен тексеруге болатындығын хабардар етеді: «egov.kz» электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде, екінші дәрежелі банктардың кез-келген бөлімшелерінде, сонымен қатар gamgor.gov.kz , kaspi.kz , egov.kz интернет сайттары арқылы әкімшілік айыппұлдарыңызды онлайн түрде төлеп түбіртекті 8 775 376 70 63 нөміріне Whatsapp – қа жолдауыңызға болады.
Жарма АПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе инпекторы
полиция капитаны Е.Қ.Джазыбаев