Кезекті әкімдік отырысы өтті

Кезекті әкімдік отырысы өтті

2020 жылдың 22 қыркүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Жиналысқа әкімшілік аумақтық бірліктер әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Жиында ауданның тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының 2020-2021 жылдың жылу беру маусымына әзірлігі жөніндегі міндеттердің орындалуы туралы тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы М.Жансеитов баяндама жасады. Сонымен қатар  Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а А.Азаматова мен ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Матанов ақпарат ұсынды. Жарма ауданының әкімі А.Нургожин отырысты қорытындылай келіп, алдағы қысқа дайындық мәселесіне баса назар аударып, ауылдық округ әкімдеріне уақытында тиісті  жұмыстарды жүргізуді тапсырды.