Аудан әкімі Жарма кентінде болды

Аудан әкімі Жарма кентінде болды

Жарма ауданының әкімі А.Нургожин жұмыс сапарымен Жарма кентінде болып, теміржолшылар мекенінің жалпы ахуалымен және әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығымен танысты. Сол сияқты штаттық режимде жұмыс жасап отырған жергілікті білім ордасына барып, эпидемиалогиялық ахуалға байланысты балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынып жатқан санитарлық талаптардың орындалу барысын назарға алды.