Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік және бизнес

 

Жарма ауданының ауыл шаруашылық саласы бойынша ақпарат

Жарма ауданы облысымыздың экономикалық дамуына үлкен үлес қосатын аудандарының бірі болып табылады. Ауданның ауыл шаруашылық кешенінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 575 ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері тіркелген. Оның 485 шаруашылығы таза мал бағытында жұмыс жүргізіп, 90 шаруашылығы өсімдік және мал шаруашылығымен (аралас) айналысады.

Ауданда жалпы ауыл шаруашылық мақсатында 1 323,6 мың гектар алқап қолданысқа берілген. Оның 66,7 мыңы егістік, 62,6 мыңы шабындық, 1 159,3 мың гектары жайылымдық ретінде қолданыста. 35.0 мың гектары босалқы жерлер.

Ағымдағы жылы Жарма ауданы ауыл шарруашылық құрылымдарымен 28 902 гектар егістік игерілді. Оның 5 231 гектар дәнді дақылдар, 5 735 гектар майлы дақылдар, 450 гектар күнбағыс сүрлемге (силосқа) және 17 436 басқа мал азығы дақылдары, 10 гектар әртүрлі көкөніс дақылдары, 10 гектар картоп, 30 гектар бақша дақылдары отырғызылды.

Есеп күніне күзгі жйын терін жұмыстары аяқталуға таяу. Майлы дақылдардың орылуға жататын алқабтың 87.2 пайызы алынды. Әр гектардан түскен орташа өнім көлемі 8,8 центнерден айналуда. Дәнді дақылдардың 5 231 гектарынан  орташа түсімдігі 9,8 цн құрап 5 130 тн өнім жиналды. Көкеніс өнімі 10 гектардан 198 тн, бақша дақылдары 30 гектардан 720 тн алынды. Күнбағыс 450 гектар сүрлемге шабылды.

2024-2025 жылғы қыстамаға қатаң мал азығын дайындау науқаны аяқталған. Аудан бойынша қажетті 216,0 мың тонна шөптің орнына ағымдағы жылы 250,0 мың тонна шамасында шөп дайындалды. Бүгінгі күнге дайындалған шөптің қыстамаға 242,0 мың тоннасы үйілді, тасу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар егістік егетін ауылдық округтарда 4,3 мың тонна сабан дайындалды.

Ағымдағы жылдың 9 айлық санағы бойынша ауданның техника паркі  49 дана жаңа тракторлармен және шөп дайындауға, егістік егуге қолданатын әр-түрлі тіркеме техникалармен жаңартылды.  

Мал басы ағымдағы жылғы 9 айлық есеп көрсеткіші бойынша: Ірі қар мал саны 92 875 басты құрап, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 124 % артты, ұсақ мал саны 213 196 басты құрап 114 % артса, жылқы малы 50 463 басты құрап былтырғы көрсеткіштің маңайында болды.

2024 жылғы есеп бойынша 92 875 ірі қара малының 47 502 басы аналық малы, оның ішнде 5 058 басы асыл тұқымды аналық бас және 484 бас асыл тұқымды бұқашықтар тіркелген. Тіркелген 213 196 ұсақ мал басының 125 488 аналық малы. Оның ішінде 25 100-і асыл тұқымды мал басы және 1 000 бас асыл тұқымды қошқарлар тіркелген.

2023 жылдың шілде айынан бастап мемлекет ауыл тұрғындарының кәсіп ашып, табыс табуына барынша қолдау көрсетіп жатыр. Ол үшін «Ауыл Аманаты» бағдарламасы әзірленіп, оның аясында ауыл тұрғындары өз ісін ашып, оны дамытуға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алды. Жоба кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыруды көздеген.

Аталған бағдарлама аясында 2023 жылы аудан бойынша 52 отбасына 301 млн теңге бөлініп, оған 1 наубайхана және 395 басІҚМ, 595 бас ҰММ және 204 бас жылқы малы сатып алынып, бөлінген қаражат толығымен игерілді. Ереже бойынша 52 тұлға жеке кәсіпкер ретінде кірістер басқармасына тіркеліп, бүгінгі күнге көздеген кәсібтерініске асырып отыр. 2024 жылға ауданға мынандай бағдарламамен қаражат бөлінбеді.

Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін өткізу, халыққа өздері өндірген өнімдерін қол жетімді бағада ұсыну мақсатында бірнеше «Ауыл шаруашылық жәрменкелері» ұйымдастырылды. Атап айтқанда аудан орталығында күз айлары басталғалы 3 рет жәрменке өткізіліп, халыққа қажетті жем-шөп, ет, бал, сүт өнімдері ұсынылды. Сонымен қатар қыркүйек айының 28 - 29күндері аралығында Астана қаласындағы ауыл шаруашылық жәрменкесіне 4,0 тн ет, 1,0 тн бал жеткізіліп сатылды. Қазан айының 12-13күндері аралығында Алматы қаласында өткен жәрменкеге ауданымыздың шаруашылық құрылымдары 9,5 тн ет, 1,5 тн бал апарып сатты. 

 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша прокуратура органдарының сенім телефондары

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бүгінгі күні өзекті және мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (Мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген бастамашылық қызметі Кәсіпкерлік болып табылады.

 

Мекеменің атауы Телефоны
Бас прокуратура 8-7172-71-25-85
Бас Көлік прокуратурасы 8-7172-71-22-42
8-7172-71-21-61
Абай облысының прокуратурасы 8-7222-52-20-47
Жарма ауданының прокуратурасы 8-72347-65-562
Дата публикации
18 февраля 2020
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы