Меню

Страницы

Статья

Кұрылыс

2024 жылға арналған жоспарлар туралы.

Жаңа нысандар бойынша ЖСҚ әзірлеу барысы туралы ақпарат

2024 жылға арналған жоспарлар туралы туралы:

Ағымдағы жылы Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы Шар қаласында Карелина атындағы мектепке жылы ауысумен қосымша құрылыс  салуға (спорт зал мен асхана) жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және Қалбатау ауылында стадион құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2024 жылы Шар қаласында жүзу бассейнінің құрылысын бастауға конкурстық рәсімдер жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 1,850 млн. тенге қаражат бөлінді.

2024 жылы Жарма ауданының 9 елді мекенінің құрылыс схемаларын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу жостпарлануда. Атап айтқанда, Аршалы, Бірлік, Қапанбұлақ, Кезеңсу, Кеңтарлау, Салқынтөбе, Сұлусары ауылдары және Жарма, Шуақ кенттерінің құрылыс схемалары. Аталған елді мекендердің құрылыс схемаларын әзірлеуге 2024 жылға облыстық бюджеттен 135,828 млн. тенге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 2024 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен төмендегі жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бюджеттік өтінімдер әзірленуде:

  • Шар қаласында іргелес аумақты абаттандырумен стадион құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу (15,012 млн. тенге);
  • Шар қаласында антенна-діңгек құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу (5, 6 млн. тенге);
  • «Ақбұзау-Шар» су құбыры жүйелерін қайта жарақтауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу (17,523 млн. тенге);
  • Шар қаласында тазарту құрылыстары мен кәріз желілерін салу (9,76 млн. тенге).

Жарма ауданы бойынша "Қолжетімді интернет"ұлттық жобасы бойынша 6 елді мекенге антенна-діңгек құрылысын салу бойынша облыстық бюджеттен 11 732,40 мын тенге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған жұмыстар бойынша монтаждық жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп мемлекеттік сараптама алуға жолданды.

Сонымен қатар, 10 ауылдық округтерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары салу белгіленген (Ұзынжал ауылы, Жайма ауылы, Көшек ауылы, Салқынтөбе ауылы, Сұлусары ауылы, Жарық ауылы, Қапанбұлақ ауылы, Белтерек ауылы, Қаратөбе ауылы, Жарма кенті) . Қазіргі таңда барлық 10 нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқтлып қабылдау актілері "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" ХҚКО-на тіркеуге берілді.

 

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы