2024 жылғы «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ жұмысы туралы есеп
2024 жылы ішкі саясат саласындағы жұмыс ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
2024 жылы 270-тен аса қоғамдық - маңызды іс-шаралар өткізілді, оның ішінде мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге, сондай-ақ мерейтойлық күндерге арналған ауқымды іс-шаралар.
Іс – шараның белсенді қатысушылары халықтың барлық топтарының өкілдері-ардагерлер, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, діни конфессиялардың өкілдері, жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер болды.
Жалпы халық саны 35640 адам.
Этникалық құрамы: орыстар – 1498 (4,2%), немістер – 125 (0,35%), украиндар – 114 (0,31%), татарлар – 84 (0,23%), шешендер – 73 (0,20 %), басқа ұлттар – 112 адам (0,31%).
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны: 10 404 адамды қүрайды.
Жастар саясаты саласында патриоттық, экологиялық, рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Жыл басынан жастармен әр түрлі іс-шаралар өткізілді. Аудандағы жастармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында жыл басынан 84 шара өткізілді. («Жастар ізгі ниет жолында» акциясы, «Жайдарман» әзіл сайысы, «Толағай», «Екі Жұлдыз», «Жігіт Сұлтаны», «Аяулы жас келін», «Волейбол», «Футбол», «Тимбилдинг» ойыны өткізілді аудан жастарының арасында, «Мерген, садақ ату», жұмыссыз жастармен кездесулер өтті. «Quiz», «Кахот» интелектуалды ойындары, «Лудамания булинг» байланысты жастармен кездесулер, пробация жастармен шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, Аудандық ауруханамен бірлесе «Зорлық зомбылыққа қарсы» кездесулер өткізілді, ТЖМ ұйымының қызметкерлерімен бірлесе жастармен кездесулер өткізілді, «Таза Қазақстан» акциясы, ұстаздар күніне видео роликтар түсірілді).
Волонтерлік бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы ( 2024 жыл) 152 мұқтаж отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Жалғыз басты қарт адамдардың үйлеріне көмір түсіру, қар күреу жұмыстары атқарылды. Еріктілер топтарының қатысуымен «Қамқорлық бізден», «Абзал жандарға мың алғыс», «Жүректен жүрекке», «Жылулық сыйла» акциялары өткізілді. Жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Жарма ауданы бойынша NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бақылауға алынған. Қазіргі таңда аудан бойынша аула аралау кезінде 17 адам анықталды. Оның ішінде үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын жастар-8, өздерінің құзыреттеріне және мәртебесіне сәйкес келетін жұмыс немесе оқытуды белсенді түрде іздеушілер – 9. Өткен жылы NEET санаттағы 4 жас тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жарма ауданы бойынша қоғамдық негізде этномәдени бірлестіктер
Ауданда ресми тіркелген этномәдени бірлестіктер жоқ. Қоғамдық негізде 7 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олар: бұрын құрылған «Единство» славян бірлестігі (жетекшісі Пяткова Т.Н.), «Айнхайт» неміс (жетекшісі Бедер Л.Р.) және «Бард» (жетекшісі Уцаев Т.) шешен бірлестіктерімен қатар, жаңадан құрылған «Хошвахтілік» Сатпекова) бірлестіктері мен «Парасат» (А.Нұрсұлтанова) қазақ ұлттық-мәдени орталығы. әзірбайжан (жетекшісі И.Тагиева), «Гүлістан» өзбек (Г.Бейсембаева), «Дуслык» татар (Г.Маркеновна)
Діни бірлестіктермен жұмыс
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, қазіргі уақытта Жарма ауданы бойынша ресми тіркелген діни бірлестіктер саны – 2, оның ішінде ислам бағытындағы мешіт саны 15, католик бағытында 2 шіркеу бар.
Абай облысы «Дін мәселерін зерртеу орталығы» теолог маман М.Омирханов, маман-психолог А.Кусембекова, маман-психолог С.Маар, ішкі саясат бөлімімен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Шар қаласы технология колледжі
- Шар қаласы П.Карелин атындағы орта мектебі
- Маяковский атындағы орта мектеп
- Георгиевка орта мектебі
- Абай атындағы мектеп гимназиясы
Жоғарғы сынып оқушыларымен «Дін және қоғам» тақырыбына;
- Шуақ ауылындағы ОВ-156/23 түзету мекемесі
- Ішкі істер бөлімі, пробация қызмет
- Қалбатау ауылында жұмыссыздар, көп балалы аналармен
- Әкімшіліктік мемлекеттік қызметкерлерімен
«Диструктивті діни ағымдар» тақырыбына жалпы саны 17 кездесу өткізіліп, 620 тыңдаушы аудиториясы қамтылды.
Деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерден аудан көлемінде арыз-өтініштер түскен жоқ. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында аудан бойынша сыртық ақпараттық 2 баннер орнатылған, сонымен қатар Абай облысы «Дін істері басқармасы» арқылы әзірленген 3 бейнежазбалар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бұқаралық ақпарат құралдары:
- Баспа басылымдары - "Жарма аудандық "Қала тынысы" газеті ".