Меню

Страницы

Статья

«Сайлау – әділдіктің кепілі»

Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Сайлау – әділдіктің кепілі» тақырыбында танымдық кездесу және сайлау тақырыбы бойынша сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға сайлау жүйесінің маңызы, азаматтардың сайлау құқығы мен міндеттері, дауыс беру тәртібі және әділ сайлаудың негізгі қағидаттары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар сайлау үдерісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің құқықтық сауаттылығын шыңдап, белсенділік танытты.
Кездесудің басты мақсаты – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін нығайту және болашақ сайлаушылардың саналы таңдау жасауына ықпал ету.
Сайлау – әрбір азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің болашағына үлес қосатын маңызды конституциялық құқығы. Бүгінгі белсенді жастар – ертеңгі жауапты сайлаушылар!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

#ЖасСайлаушыларКлубы #ЖармаАуданы #СайлауӘділдіктіңКепілі #ЖасСайлаушы #ҚұқықтықСауаттылық #АзаматтықЖауапкершілік #Қазақстан

Дата публикации
07 августа 2026
Дата обновления
07 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы