Меню

Страницы

Статья

«Ауылдың дамуы – жастардың қолында»

Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес, «Ауылдың дамуы – жастардың қолында» тақырыбында Жарма ауданы Әуезов кентінің әкімі Айбол Құдайбергенов жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясында айқындалған демократиялық құндылықтар, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жастардың қоғамдық-саяси өмірге, оның ішінде сайлау науқандарына белсенді қатысуының маңыздылығы сөз болды.
Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік жастар саясаты, кәсіпкерлікті қолдау, білім алу және жұмыспен қамту мәселелері туралы пікір алмасты.
Айбол Құдайбергенов жастарды қоғамдық өмірге белсенді араласып, азаматтық жауапкершілік танытуға, сайлау науқандарына белсенді қатысуға және туған жердің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Кездесу барысында жастар өз пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.
Мұндай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, елдің және туған өлкенің дамуына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы