Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес, Жарма ауданының Шар қаласында орналасқан «Абай атындағы орта мектебі – балабақша кешені» КММ-де Дүниежүзілік сайлау күніне орай 5–6 сынып оқушыларымен «Қазақстандағы сайлау жүйесінің тарихы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақты аталған білім беру ұйымының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бердібекова М.К. жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру, азаматтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақтың сайлау институтына деген қызығушылығын арттыру.