Меню

Страницы

Статья

«Жарма ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» заңгерлермен кездесу өткізді

«Жарма ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» заңгерлермен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Жанат Сырлыбайқызы Есенжолова, «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Әсем Советханқызы Асаубаева, сондай-ақ «Ізгілік жолымен» волонтерлер клубының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында жастардың сайлау үдерісіне белсенді қатысуы, сайлау заңнамасының негізгі талаптары, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар сайлаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудегі жастардың рөліне ерекше тоқталып, жас сайлаушылардың ел болашағын таңдаудағы жауапты ұстанымының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, алдағы сайлау науқандары аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық белсенділікті арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Аталған кездесу жастардың сайлау институтына деген сенімін нығайтып, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына оң ықпал етті. Сондай-ақ, жастар мен мамандар арасындағы ашық диалог алаңына айналып, азаматтық қатысу мен құқықтық мәдениетті дамытуға өз үлесін қосты.

Дата публикации
25 июня 2026
Дата обновления
25 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы