2025 жылдың қараша айында Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес «Жастар және сайлау мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – жастардың сайлауға деген қызығушылығын арттырып, олардың құқықтық сауаттылығын нығайту. Шара барысында қатысушылар сайлау процесінің негізгі қағидаттарымен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара жастардың азаматтық белсенділігін дамытуға оң ықпал етті.