Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының "Жас сайлаушылар клубын құру туралы" қаулысына сәйкес, Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясы өзінің қаулысын шығарды. Қаулыға сәйкес, ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Әуеспаевамен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Есенжолова жастар ісі бойынша меморандумға отырды. "Жас сайлаушылар клубын" құру туралы ереже бекітілді. Жас сайлаушылар клубының жұмыс жоспары бекітіліп, клуб жетекшісі болып, Жастар ресурстық орталығының әдіскері Жұлдыз Ануарбекова сайланды. Бүгін аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Жастар ресурстық орталығында болып, клуб жұмысының алғашқы отырысына қатысып, жоспарларымен ой бөлісті.