Жарма ауданы аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес Үшбиік ауылындағы №361 сайлау учаскесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар сайлау учаскесінің жұмысымен танысып, төрағадан сайлау процесінің кезеңдері мен тәртібі жөнінде пайдалы мәлімет алды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар жас сайлаушылардың саяси сауаттылығын арттырып, қоғам өміріне белсенді араласуға ынталандырады.
Өйткені жастар – ел болашағы, ал белсенді азамат – мемлекеттің тірегі!