Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» жұмыс жоспарына сәйкес, Шар қаласының Жастар ресурстық орталығы қала жастары мен оқушылары арасында «Сен құқығыңды білесің бе?» тақырыбында блиц-сұрақтар ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген негізгі құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Блиц-сұрақтар барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты. Іс-шара жастардың құқықтық танымын кеңейтіп, олардың қоғам өміріне саналы әрі белсенді қатысуына ықпал етті.