Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз конкурс!

Назар аударыңыз конкурс!

 

 «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: -Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (гуманитарлық, әлеуметтік, экономика және бизнес, құқық, педагогика, жаратылыстану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар); -Жастар саясаты саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері: Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бағытындағы қызметті қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыру;  - Жастарға құқықтық, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру; - Жастардың жұмыспен қамтылуына, кәсіптік бағдарлануына, волонтерлік пен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету; -Консультативтік-кеңесші органдарға қатысу, жастар бастамаларын іске асыру үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру; -Жастар жобалары мен бағдарламаларын сүйемелдеу және қолдау, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту; - Жастар саясатына байланысты талдамалық жұмыс, әлеуметтік зерттеулер жүргізуге қатысу; - Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрымды жақсартуға бағытталған ұсынымдар мен жобаларды әзірлеу; - Бос уақытты тиімді ұйымдастыруға жәрдемдесу; - Қызметкерлерге қажетті жағдай жасау және олардың жұмыс сапасын бағалау; - Ұйым қызметінің материалдық қаржылық және кадрлық ресурстарын тиімді  пайдалану; - Есептерді әзірлеу мен талдау, бухгалтермен бірге орталықтың кірістері мен шығыстарын болжау; - Қызмет тұтынушыларымен және басқа мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүргізу; - Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қаржы қаражатының тиімді жұмсалуына толық жауапкершілік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын; «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін»; Ұйымның бейінін, жастар саясаты саласындағы негізгі бағыттар мен үрдістерді; - Қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, салық заңнамасын; - Еңбек және ұжымдық шарттарды жасау тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын; - Және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар ұсынылады:

Қоса берілетін құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіле отырып);

Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

денсаулық жағдайы туралы 075у анықтамасы.

Қатысушы қосымша құжаттар (біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, ұсыным хаттар және т.б.) ұсынуға құқылы.

Құжаттар аудандық «Қалба тынысы» газетінде және тиісті интернет-ресурстарда жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105-үй, №16 кабинет, «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
24 апреля 2026
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы