Меню

Страницы

Статья

Абай облысы Жарма ауданы бойынша Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жарма ауданында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушыларымен сайлау құқығы, сайлауды өткізу қағидаттары, сайлау комиссияларының рөлі және сайлаушылардың жауапкершілігі мәселелері бойынша «Сайлау қалай өтеді» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес дауыс беру күнін өткізу тәртібі түсіндіріліп, практикалық түрде көрсетілді. Атап айтқанда, қатысушылардың өздерін қатыстыра отырып, сайлау бюллетеньдерін беру, дауыс беру рәсімі және дауыс санау қорытындылары таныстырылды. Сонымен қатар азаматтардың сайлауға қатысу құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Жақын уақытта 18 жасқа толып, алғашқы сайлауға қатысатын жас электорат өкілдерінің сайлау процесіне қатысуға құқықтық тұрғыдан дайын екендігі, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және сайлау институтына деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етілді.
Аталған іс-шараға «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 11-сыныптарынан барлығы 40 оқушы қатысты.

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы