Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сəйкес, 2026 жылдың 8 қаңтар күні комиссия мүшелері үшін «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңдері: үміткерлердің ұсыным кезіндегі құжаттарымен жұмыс, ұсынылған үміткерлердің белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау, үміткер ретінде тіркеуге ұсынылған құжаттармен жұмыс» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар сайлау науқандары барысында туындайтын ұйымдастырушылық мәселелерді талқылауға және комиссия мүшелерінің іс-қимыл алгоритмін нақтылауға бағытталды. Іс-шара барысында теориялық мәліметтер беріліп, практикалық тапсырмалар орындалды.