Назар аударыңыз, конкурс!
«Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеме басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс өтілі әлеуметтік қорғау жүйесінде (барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы) кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл немесе денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы үкіметтік емес (мемлекеттік емес) ұйымдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Мыналарды білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Еңбек кодексін;
Әлеуметтік кодексін;
Тіл туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңды;
әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін;
ұйымның бейіні мен ерекшеліктерін;
заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін;
социология, психология, педагогика, психологиялық профилактика, этика, геронтология негіздерін;
тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыс әдістерін;
медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін;
әлеуметтік жұмыстың негізгі әдіснама қағидаттарын;
шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыруды;
салық және бюджет заңнамасының негіздерін;
персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін;
статистикалық және әдіснамалық талдау әдістерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
Функционалдық міндеттері: Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – АӘҚКО) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылықты жүзеге асырады, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
ұйымды басқару құрылымын, штат кестесін айқындайды;
АӘҚКО барлық бөлімшелерінің мүгедектігі бар балалармен, қарттармен және мүгедектігі бар адамдармен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады;
АӘҚКО-ның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
сауықтыру, оқу профилактикалық жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді;
мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) және мүдделерін қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды;
протездік-ортопедиялық, басқа да арнаулы құралдарға мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды олармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады;
бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін практикада қолданады;
қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтім көрсету құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді;
кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды;
кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды;
қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді;
АӘҚКО-ның сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіреді және қорғайды;
қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;
гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді;
шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді;
санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аудандық «Қалба тынысы» газетінде хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсұлманқұлов көшесі 70, 7 кабинет, телефондар: 65-670, 65-344, электронды почта: zharma_sobes23@mail.ru, индекс: 070600