Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері үшін «Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесінің құқықтық негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлаудың ерекшеліктері, құқықтық нормалары және сайлау комиссияларының негізгі міндеттерін түсіндіру.
Семинар барысында кандидаттарды тіркеуге қатысты құжаттарды ресімдеу тәртібі, үгіт кезеңіне қойылатын талаптар және ұйымдастырушылық жұмыстардың негізгі аспектілері қаралды. Қатысушыларға қысқаша әдістемелік ұсынымдар берілді.