Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Жарма ауданының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округіне қарасты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Абай облысы Жарма ауданы бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
1.Сайлау учаскесінің ашылуы туралы;
2.Дауыс беру күні дауыс беруді өткізудің құқықтық негіздері;
3.Дауыс беру күні дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау кезіндегі учаскелік сайлау комиссияларының іс-әрекеттер тәртібі.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың учаскелік сайлау комиссияларына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігі түсіндірілді.
Семинардың негізгі мақсаты – сайлау процесін ұйымдастырушы комиссия мүшелерін оқыту, сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі ұйымдастыру және құқықтық жұмыстар бойынша білімдерін жетілдіру.
Теориялық білім берумен қатар практикалық жұмыстар жүргізілді.