2025 жылғы 30 қыркүйек күні Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27 және 28-баптарының негізінде, 2025 жылғы 26 қазанда өтетін Жарма аудандық мәслихатының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауға тіркелген кандидаттар үшін семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы: «Абай облысы Жарма ауданы бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына мәслихат депутаттарын сайлау кезеңінде тіркелген үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу заңдылықтары туралы».
Кездесу барысында кандидаттар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.