2025 жылғы 27-мамыр күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес Жарма ауданында облыстық көшпелі семинар өтті. Іс-шараға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу бойынша комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, теориялық білімді тәжірибеде тиімді қолдануға бағыттау болды. Іс-шараны Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Сейтембетов, комиссия мүшелері А.Құрманғалиев пен Е.Кешубаев, сондай-ақ Семей қалалық АСК төрайымы Г.Қуанышева жүргізді. Семинардың ашылуында Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы Қ.Шаймұратов сөз сөйлеп, облыстық сайлау комиссиясының өкілдерін таныстырып, сәтті жұмыс тіледі. «Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы семинар ерекше форматта өтіп, қатысушыларға теориялық материалдарды практикалық жағынан меңгеруге мүмкіндік берді. Семинар соңында белсенділік танытқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Абай облыстық сайлау комиссиясының арнайы дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.