2025 жылдың 31 наурыз күні Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27, 28 баптарының негізінде, 2025 жылдың 20 сәуіріне тағайындалған Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша тіркелген кандидаттарға «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңінде ұсынылған үміткерлерге құжаттарды тапсыру рәсімі және үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуінің заңдылықтары туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Кандидаттар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.