Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сəйкес, 2025 жылдың 4 ақпаны күні "Менің таңдауым – менің құқығым" тақырыбында "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-сінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты болашақ сайлаушыларға сайлаудың маңыздылығын айту, сайлаушылардың белсенділігін арттыру, азаматтардың сайлау құқықтары қамтамасыз етілетіндігін түсіндіру. Кездесуге Жарма ауданының №1, №8 сайлау округтерінің депутаттары, Жарма ауданының білім бөлімінің маманы және мектеп әкімшілігі қатысты. Кездесу барысында сондай-ақ жас электораттардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріліп, бейне-слайд көрсетілді.