Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сəйкес, 2025 жылдың 29 қаңтар күні комиссия мүшелері үшін «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңдері: үміткерлердің ұсыным кезіндегі құжаттарымен жұмыс, ұсынылған үміткерлердің сәйкестігін анықтау, үміткер ретінде тіркеуге ұсынылған құжаттармен жұмыс» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты сайлау жұмысын ұйымдастырушыларға сайлау процесін, ұйымдастыру жұмыстарын оқыту. Теориялық білім берумен қатар практикалық жұмыстар жүргізілді.