«Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

«Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар:

          Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1.    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2.     Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  4. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Абай  облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсұлманқұлов көшесі 70, пошта индексі 180400.
  8.       Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  9. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  10. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

          Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    

  1. Мақсаттары:

          1) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты:

          арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

          мемлекеттік қызмет көрсету;

          мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуде үйлестіру;

          халықты әлеуметтік қорғау, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету;

          мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіру және өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы іске асыруды қамтамасыз ету;

          2) Бөлімге ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;

          3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген өзге мақсаттар.

  1. Өкілеттіктері:

          1) құқықтары:

          өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекемелердің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар, актілер шығару;

          өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

          Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізу;

          өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша лауазымды адамдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

          Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзырет шеңберінде бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін қаланың жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының қызметкерлерін тарту;

          Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;

          Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асыру.

          2) міндеттері:

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені сақтау;

          көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

          өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратты ұсыну;

      әзірлеушісі бөлім болып табылатын әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

          барлық ұйымдарда өз құзыреті шегінде басқарманың мүддесін білдіреді және олардың құқықтарын қорғау;

          жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

          1) Бөлімнің құзыретіне кіретін әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

          2) қаладағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;

          3) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

          4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

          5) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

          6) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы облыстық маңызы бар қаланың жұмыс орындарын құруды қолдау;

          7) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарына адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

          8) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

9) қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметі;

          10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

          11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

          12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

          13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

          14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

          15) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

          16) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

          17) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

          18) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, жеке бағдарламаға сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;

          19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;

          20) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

          21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2.    Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лаузымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

          1) Бөлім қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес шешеді;

          2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

          3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

          4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

          5) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

          6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

          7) Бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;  8) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;

          9) барлық ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;

          10) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

          11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

          12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

          19.Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

     

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

          Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

          23.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Дата публикации
21 ноября 2025