Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы туралы

Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2025 жылғы қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы туралы

 

2025 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Жарма ауданының барлық салаларында 590 363,6 млн. теңгені құрайтын өнімдер өндіріліп, жұмыстар мен қызметтер атқарылды. 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда өсім 160 851,1 млн. теңгені немесе 137,4%-ды құрады (2024 жылғы  9 ай – 429 512,5 млн. теңге).

Жалпы экономика құрылымында өнеркәсіптік өнім өндірісіне – 81,9%, ауыл шаруашылығының жалпы өніміне – 5,3%, инвестиция түсіміне – 4,5%, бөлшек тауар айналымына – 3,5%, көтерме саудаға – 1,0%, құрылыс жұмыстарына – 3,9% тиесілі.

Өнеркәсіп өнімі:

Өнеркәсіп өнімі көлемі бойынша жеткізілген облыстық жоспар тапсырма - 420 795,7 млн. теңге, нақты өндірілген өнім көлемі - 483 433,2 млн. теңге, жоспар – тапсырманың орындалуы – 114,9%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 158,3%. Нақты көлем индексі - 100,5%.

Оның ішінде тау – кен өнеркәсібінің көлемі бойынша:  жеткізілген жоспар тапсырма – 400 257,8 млн. теңге, нақты өндірілген өнім көлемі - 449 874,7 млн. теңге, жоспар – тапсырманың орындалуы – 112,4%.                          2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 158,1%. Нақты көлем индексі - 97,4%.

*Тау-кен өндіру саласында нақты көлемнің төмендеуінің негізгі себебі - құрамында  алтыны бар кендер көлемінің төмендеуіне байланысты, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны»).

Аталған салада  құрамында алтын бар кендер, құрамында алтын бар концентраттар («Бақыршық тау-кен кәсіпорыны», «АС Горняк», «ГМК Васильевское), әктас және  гипс («Асар Инвест») өндіріледі.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша: жеткізілген жоспар – тапсырма – 20 537,9 млн. теңге, нақты өндірілген өнім көлемі - 29 108,4 млн. теңге,  жоспар тапсырманың орындалуы - 141,7%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 168,6%. Нақты көлем индексі - 153,2%

Өңдеу саласында  клинкер, цемент ( «Шарцем»), алтын ( «Бақыршық тау-кен кәсіпорыны»,  «АС Горняк», «ГМК Васильевское») және орталықтан тепкіш сорғылар («Георгиевка сорғы жабдықтау зауыты») өндіріледі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі:

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бойынша:  жеткізілген жоспар – тапсырма – 29 077,1 млн. теңге, нақты өндірілген өнім көлемі - 31 028,9 млн. теңге, жоспар тапсырманың орындалуы – 106,7%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 112,6%. Нақты көлем индексі - 103,6%.

Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі - 23 715,1 млн. теңге, 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 121,6%. Нақты көлем индексі – 101,2%.

Есепті кезеңге 9 950,6 тонна ет (100,8%), 30 234,2 тонна сүт (101,9%) өндіріліп, 2 297,5 мың дана жұмыртқа (80,2%) алынды.

Ірі қара мал саны - 90 564 бас (2 311 басқа немесе 2,5% - ға кеміді), жылқы саны – 46 081 бас (4 382 басқа немесе 8,7% - ға кеміді), қой мен ешкі – 206 534 басты құрады (6 662 басқа немесе 3,1% - ға кеміді).

*Мал басының кемуінің негізгі себебі халықтың және шаруа қожалықтарының малды тірі салмақта сатуы болып табылады.

Өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі - 7 302,2 млн. теңге, 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны – 90,7%. Нақты көлем индексі – 112,0 пайыз.

*Аудан бойынша барлық егістік алқабы көлемі – 81,0 мың гектар, оның ішінде ағымдағы жылы игерілгені 37,4 мың гектарды құрап, өткен жылдың деңгейінен 8,5 мың гектарға немесе 29,2%-ға артты (2024 жылы игерілгені – 28,9 мың гектар).

Бүгінгі күнге 6 539 гектар дәнді дақылдар алқабы 100,0% орылып 7 558 тонна өнім жиналды, әр гектардан түсім орта есеппен 11,6 центнерді құрады (2024 жылы – 5 231 гектардан 5 130 тонна жиналып, түсім - 1 га /9,8 ц.).

*Майлы дақылдар алқаптарында жинау жұмыстар жалғастырылуда.

Негізгі капиталға инвестициялар:

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша: жеткізілген жоспар тапсырма – 55 143,8 мллн. теңге, нақты инвестициялар көлемі - 26 504,0 млн. теңге,  жоспар – тапсырманың орындалуы – 48,1%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 63,8%. Нақты көлем индексі - 63,6%.

*Негізгі инвестиция түсімін құраушы  «Қазавтожол» ЖШС-гі болып табылады, 2024 жылғы 9 айда бұл кәсіпорынның инвестиция көлемі 22,8 млрд.теңгені құрап немесе аудан инвестициясының  55%-ын құрады.

Биылғы жылдың 9 айында бұл кәсіпорыннан 10,9 млрд. теңге инвестиция түсіп             11,9 млрд. теңгеге кеміген  (аудан инвестициясының  41,1%-ын құрады). 

Жоспар – тапсырма негізсіз аса көтеріңкі.

Құрылыс жұмыстарының көлемі:

Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша: жеткізілген жоспар – тапсырма – 25 000,0 млн. теңге, нақты жұмыстар көлемі - 22 734,5 млн. теңге, жоспар – тапсырманың орындалуы – 90,9%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 66,2%. Нақты көлем индексі - 65,6%.

*Негізгі себеп – республикалық маңызы бар Қалбатау – Көкпекті автожол бөлігінің қайта жарақтауында құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі  кеміген.

Жоспар – тапсырма негізсіз аса көтеріңкі.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру:

Пайдалануға берілетін тұрғын - үйлер көлемі бойынша: жеткізілген жоспар – тапсырма – 7 700 шаршы метр, нақты еңгізілген тұрғын - үйлер көлемі - 6 355 шаршы метр, жоспар – тапсырманың орындалуы – 82,5%.               2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 87,5%.

*(21 үй немесе 42 пәтер жалдамалы тұрғын үйлер (3 606 шаршы метр): Қалбатау ауылында – 15 үй немесе 30 пәтер (2478 шаршы метр), Шар қаласында - 4 үй немесе 8 пәтер (752 шаршы метр), Бірлік ауылында - 2 үй немесе 4 пәтер (376 шаршы метр); Жеке тұрғын-үй салушылер есебінен (2 749 шаршы метр): Қалбатау ауылында –– 890 шаршы метрді құрайтын 5 үй; Бірлік ауылында  –– 430 шаршы метрді құрайтын 3 үй; Жаңғызтөбе кентінде – 337 шаршы метрді құрайтын 2 үй; Салқынтөбе ауылында –                 155 шаршы метрді құрайтын 1 үй; Қапай батыр ауылында – 655 шаршы метрді құрайтын 3 үй, Әуезов кентінде – 157 шаршы метрді құрайтын 1 үй, Қоңырбиік ауылында –                        125 шаршы метрді құрайтын – 1 үй).

Бөлшек тауар айналымы:

Бөлшек сауда көлемі бойынша: жеткізілген жоспар – тапсырма – 22 992,8 млн. теңге, нақты көрсеткіш көлемі - 20 627,7 млн. теңге, жоспар – тапсырманың орындалуы – 89,7%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 112,4%. Нақты көлем индексі - 103,0%.

*Жоспар – тапсырма аса көтеріңкі.

Көтерме сауда көлемі:

Көтерме сауда көлемі бойынша: жеткізілген жоспар – тапсырма – 2 710,6 млн. теңге, нақты көрсеткіш көлемі - 6 035,3 млн. теңге, жоспар – тапсырманың орындалуы – 2,2 есеге артты. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 2,6 есеге, нақты көлем индексі - 2,5 есеге артты.

Шағын және орта кәсіпкерлік:

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша: жеткізілген жоспар – тапсырма – 2 562 бірлік, нақты субъектілер саны - 2 385 бірлік, жоспар - тапсырманың орындалуы – 93,1%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 97,9%. 

*Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері көрсеткішінің төмендеуі 2024 жылы 400 АЕК мөлшерінде грант алуға үміткер болып жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, бірақ аталған гранттарды ала алмаған тұлғаларға тиесілі. Бүгінгі таңда оларды есептен шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Меншікті кірістер:

Меншікті кірістер көлемі бойынша: нақтыланған болжам – 6 655,4 млн. теңге, нақты түсім көлемі - 6 661,6 млн. теңге. Болжамның орындалуы – 100,1%. 2024 жылдың 9 айына өсу қарқыны - 112,8%.

Алгоритм шеңберінде ауданның бюджетіне қосымша резерв іздестіру жұмыстары бойынша 28,3 млн. теңге түсті:

- көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке сот орындаушысы арқылы 7 адамнан 120,2 мың теңге берешек өндірілді;

- «Горэнергострой» ЖШС-і Семей қаласынан Жарма ауданына тіркеліп, бюджетке қосымша 2 131,3 мың теңге салық түсті (қызмет түрі: электрмонтаждық жұмыстар);

- «Шұғыла кенті» мен «Шұғыла Gold» серіктестіктері Өскемен қаласынан Жарма ауданына тіркеліп, бюджетке қосымша 17 181,7 мың теңге түсті (қызмет түрі: бағалы металлдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру);

- «ФК Центральная аптека» (қызмет түрі: дәрілік заттардың бөлшек саудасы) мен «АДК-Групп» (қызмет түрі: басқа топтамаларға енгізілмеген инженерлік құрылыстар салу) серіктестіктері Астана қаласынан Жарма ауданына тіркеліп, бюджетке қосымша 6 110,2 мың теңге түсті;

- қаңтар-қыркүйек айларында жалпы аудан бойынша 47 жеке кәсіпкердің мүліктеріне қайта бағалау жүргізіліп, жалпы бағалау құны 173 204,4 мың теңгені құрап, өткен жылдан 104 873,6 мың теңгеге өсті. Аудан бюджетіне мүлік саллығы бойынша қосымша 2 769,5 мың теңге түсті.

Инвестициялық жобалар мен күрделі жөндеу жұмыстары.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету шеңберінде Сулусары ауылында су құбыры желілерінің құрылысы (Ұлттық қор есебінен), сондай-ақ Қалбатау ауылында және Жаңғызтөбе кентінде (Республикалық бюджет) су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Спорт инфрақұрылымын дамыту аясында Қалбатау ауылында жүзу бассейнінің (Республикалық бюджет, «Ауыл – Ел бесігі») және стадионның (Ұлттық қор есебінен /Облыстық бюджет, «Ауыл – Ел бесігі») құрылысы басталды.

Шар қаласында бассейннің құрылысы жүргізілуде (Ұлттық қор есебінен).

Жаңғызтөбе кентінде спорттық модульдің құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда (Облыстық бюджет).

Жол жөндеу жұмыстары шеңберінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қалбатау ауылындағы Ауэзов (1,6 км), Искаков (0,9 км) және Мұстанбаев көше  (1,4 км) жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Аудандық маңызы бар Жаңғызтөбе – Жарық (11,9 км) автожолының 2024 жылы басталған орташа жөндеу жұмыстары жалғастырылып, аяқталу кезеңінде.

Қалбатау ауылы мен Шар қаласының жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жылумен қамтамасыз етуде Шуақ ауылында жылыту трассасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар аяқталу сатысында (Облыстық бюджет).

Шуақ ауылындағы өнеркәсіптік қазандықтың КВ-Ф-7,56 қазанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абаттандыру жұмыстары бойынша Қалбатау ауылында автотұрақ пен жаяу жүргіншілер тротуарын орнату жұмыстары аяқталды.

Шар қаласында мини-футбол және воркаут алаңдарын орнату, сондай-ақ Теміржолшылар скверін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (Облыстық бюджет).

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында Шар қаласының Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (Облыстық бюджет).

Дата публикации
16 октября 2025