Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 20/370-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Қалбатау ауылы                                                                                                         село Калбатау                                                                                                               

 

 

 

                                                                                                                     

Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 20/370-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 20/370-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:

         1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 13 083 486,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 534 880,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 654 556,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 889 050,3 мың теңге;

2) шығындар – 14 810 774,8 мың теңге; 

3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 287,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 98 300,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 92 013,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0  теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 733 575,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –          1 733 575,5 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 1 713 980,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 92 013,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 111 608,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы                                                                                  Аты-жөні

 

 

Дата публикации
20 ноября 2025