2025 жылы ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша Ақпарат

 

2025 жылы ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша

Ақпарат

 

        "Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ-нің тапсырмасы бойынша Жарма ауданына 2025 жылға 20000 гектар мемлекет меншігіне қайтару жоспарлы мән берілген, 2025 жылдың сәуір-маусым айы аралығында 10950,4891 гектар жер қайтарылды. 

Сәуір-маусым айлар аралығында "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметтерімен 5 жер комиссия отырысы өткізіліп, заңға сәйкес нормалар сақталып өтініштер қаралды. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметімен 3 жер учаскесін бөлу туралы қорытынды берілді. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша 4 жер учаскесінің қолдану мерзімі ұзартылып, қаулылар шығарылды. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметімен 53 бұйрық шығарылды. "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметі арқылы 4 өтініш қаралып жалға алу шарттары жасалды. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру", "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру", "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметтеріне өтініштер болған жоқ.

E-qazyna сауда (аукцион) платформасы арқылы 3 жер учаскесіне аукцион өткізіліп 19 915 121 теңгеге 5 жылға жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алды.

 

 «Абай облысының Жарма ауданының

жер қатынастары бөлімі» ММ-нің

басшысы                                                                                          Д. Баширов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы. А. Ауғанова

Тел. 8-72347/65-875/

Дата публикации
03 сентября 2025