Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2025 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру болып табылады.
2025 жылға аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлеуге барлығы 285,2 млн. теңге бөлініп, оның ішінде облыстық бюджеттен – 243,2 млн. теңге, аудандық бюджеттен – 41,9 млн. теңге қарастырылған.
Есепті кезеңде атаулы әлеуметтік көмек 532 алушысы бар 104 отбасыға барлығы 36 млн. теңге көлемінде төленіп, оның ішінде облыстық бюджеттен – 33,2 млн.теңге және аудандық бюджеттен 2,8 млн.теңге қаражат игерілді.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген ережеге сәйкес:
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай басқа мемлекеттердің аумағындағы (Ауғанстанда, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Таулы Қарабақта) ұрыс қимылдарына қатысушы 78 ардагерге (әрқайсысына 50 АЕК) 15,3 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған 697 анаға, төрт және одан да көп балалы 985 анаға 19660 теңгеден 33 млн.теңге біржолғы көмек төленді.
Жеңіс мерекесіне орай, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдардың қайта некеге тұрмаған 2 жесіріне (әрқайсысына 50 АЕК) жалпы сомасы 393,2 мың теңгеге, марапатталған 1 тыл еңбеккеріне – 50 АЕК мөлшерінде және медальдардармен, ордендермен марапатталмаған 113 тыл еңбеккерлеріне (әрқайсысына 30 АЕК)– 13,3 млн. теңге төленді.
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан 23 адамның әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде 4,5 млн.теңге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген 95 адамға әрқайсысына 30 АЕК мөлшерінде 11,2 млн.теңге төленді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өтініштері бойынша 61 азаматқа (отбасына) 4,9 млн.теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
Амбулаториялық емделіп жатқан туберкулез ауруымен ауыратын 19 адамға 1,8 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
Жарма ауданы бойынша шипажайға 63 адам, оның ішінде басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зейнеткерлік жасқа толған санатындағы адамдар жолданылды.
2025 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша мүгедектер саны – 951 адам, оның ішінде 1,2 - топтардағы мүгедектер саны - 460 адам, 3-топтағы мүгедектер саны - 342 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны-149 адамды құрайды.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 36 адам протездік-ортопедиялық бұйымымен, 15 адам кресло-арбашасымен, 10 адам сурдоқұралдармен, 33 адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайда демалды. Сонымен қатар гигиеналық құрал-жабдықтармен 149 адам қамтылды.
Үйде оқытылатын 30 мүмкіншілігі шектеулі балаға , материалдық көмек ретінде 5,7 млн.теңге төленді.
Аудан бойынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарда жеке көмекшінің қызметіне барлығы 31 адамға 38,7 млн.теңге төленді.
Арнаулы әлеуметтік қызметпен «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі аудан бойынша 8 түрлі қажетті әлеуметтік қызметтерді ұсыну арқылы жан-жақты 322 қызмет алушыны қамтыған, оның ішінде:
Үй жағдайында барлығы – 268 адам, оның ішінде қарттар 230, 18 жастан жоғары мүгедектігі бар адамдар – 28, балалар - 10;
Жартылай стационарлық күндізгі болу бөлімшесінде 55 адам қызмет алушы, оның ішінде Қалбатау ауылында – 24; Шар қаласы бойынша - 12, Ауезов кентінде - 9, Жаңғызтөбе кенті - 10.
Штаттық кестеге сәйкес орталықта барлығы 100 қызметкер, оның ішінде әлеуметтік қызметкерлер – 48.
Орталыққа 2023 жылы 23,5 млн.теңгеге және Шар қаласындағы жартылай стационардағы бөлімшесіне 2024 жылы 25,0 млн.теңгеге мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған автокөлігі облыстық бюджет есебінен сатып алынып, Қалбатау, Қапай-Батыр, Жаңаөзен және Шар қаласының қызмет алушылары тасымалдануда.
Мүгедектігі бар адамдар мен жалғызбасты қарт адамдарға орталық әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбектік, әлеуметтік – мәдени, құқықтық, медециналық қызмет түрлерін жоспарлы түрде көрсетеді.
Ағымдағы жылы қысқа мерзімдік курстарға 40 адам жолдау жоспарланған. «Ауыл шаруашылығы тракторының жүргізушісі» мамандығына 13 адам, «Аспазшы» мамандығына 5 адам, «Бу және су қазандығының машинисі» мамандығын 22 адамды оқыту жоспарлануда. 13 адам жолданып 01 шілдеге оқуларын жалғастыруда.
4.Алғашқы жұмыс орны жобасы 2025 жылға жоспар бойынша 23 адамды құрайды. 01 шілдеге 4 адам жолданып, жоспар 17,4 % орындалды.
01 шілдеге аудан бойынша 5 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, 2 ашық есік күні, 14 жылжымалы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ай сайын әр округ, кенттерде жоспар бойынша тұрақты өтілуде.
2025 жылға Жарма ауданы бойынша «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару» қағидасы аясында ауданымызға қоныс аударушылардан 28 адамды көшіру жоспарланған. 01 шілдеге 8 отбасы, 27 адам көшіп келді.
Қандастардан 25 адамды көшіру жоспарланған. 01 шілдеге 6 отбасы, 18 адам көшіп келді.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру жұмыстары жалғасуда.