Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының
Абай облысы Жарма ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар
Осы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жоспар мыналарды қамтиды:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы), онда жайылымдардың шекаралары, алаңдары мен түрлері, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, құрғақ және екпе жайылымдар, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта), онда жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдардың, оның ішінде қоғамдық жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;
3) ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта), онда жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетіледі;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта), онда ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар, жайылымдық инфрақұрылым объектілері, мал қорымдарының (биометриялық шұңқырлардың) орналасқан жері көрсетіледі;
5) жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
6) халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта), онда жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі.
7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы, онда жануарлардың су көздеріне қарай жүріп-тұру маршруттары көрсетіледі.
8) ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы, онда ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыруға арналған шалғайдағы жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;
9) ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу), онда жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының басы үшін ауылдық округтің ауылдық елді мекендері арасында жайылымдарды бөлу (қайта бөлу) схемасы көрсетіледі;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті талаптар:
"Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;
жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;
жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;
жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;
жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.