Жарма ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «__»_______
№___ қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Абай облысы «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
мемлекеттік тілде: Абай облысы «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима Жарминского района» области Абай.
11.Осы ереже Жарма ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамачыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Приезидентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Абай облысы әкімдігінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімінің аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Приезидентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының (бұдан әрі – атқарушы органдар) қызметін үйлестіру болып табылады.
1) аудан әкімі мен әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету:
Әкімге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданды дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде атқарушы органдардары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылық қызметінің талдауын, аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау және мониторинг жүргізу;
Жарма ауданы әкімінің сайтын ақпараттық толтыру және жұмысын ұйымдастыру;
аудан әкімі аппараты және оның құрымдылық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жағдайын талдау;
2) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс және аудан әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, аудан әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;
аудан әкімі, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының ресми қабылдауларын, кездесулерін дайындау және ұйымдастыру;
іс жүргізуді, оның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірынғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызметі бойынша жұмыстарды үйлестіру;
аудан әкімі, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының азаматтарды қабылдауының айлық кестесін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;
аудан әкімі, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының атына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;
аудан әкімі аппараты кадрларының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Аймақтық орталығында және Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқу ұйымдастыру;
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;
аудан әкімі және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды және аудан әкімінің, оынң орынбасарларының, аудан әкімдігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстын, ауданның атқарушы органдарымен, сот, құқық қорғау органдарымен хат алмасуларын тіркеу, сақтау және мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
аудан әкімі және әкімдігінің құқық қорғау органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес, терроризмге қарсы күрес, адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес және алдын алу, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымластырудың өзге де де мәселелері бойынша өзара іс әрікетін ұйымдастыру;
жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресустарын дамыту және сүйемелдеу;
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» қалыптастыру жөніндегі заңнамасын орындау аясында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
аудан әкімінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
3) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету:
аудан әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының сот және өзге де құқық қорғау органдарында мүддесін ұсыну және қорғау;
аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппараты басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;
аудан әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының құқықтық сараптамасын ұйымдастыру;
4) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
аудан әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ұйымдастырубойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарына ішкі бақылау жүргізу;
2) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппараты басшысының тапсырмаларын орындамаған немесі тиісінше орындамағаны үшін атқарушы орган басшыларының жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) атқарушы органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру сұрақтары бойынша жетілдіру жұмысына ұсыныстар енгізу;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттірді орындау.
1) Жарма ауданы әкімі аппартының қызметтік мәселелерін өз құзыреті шегінше Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес шешеді:
2) белгіленген тәртіпте, мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақырады;
3) әкім аппартының қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
4) мекеменің мүддесін барлық ұйымдарда білдіреді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті іс-шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
6) заңнамамен көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жарма ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімі аппарты басшысының міндетін уақытша атқаратын тұлға орындайды.
Жарма ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Абай облысы «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастару және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады