Жарма ауданы әкімдігінің
20___ жылғы____________
№ ___ қаулысымен бекітілді
«Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер "Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттері
13.Мақсаттары:
Жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі және тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшінжағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік нарығын құру және дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
1) құқықтары:
- өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, мекемелерден, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан, жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан сұратуға және алуға;
- заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығына ұсынысты атқарушы органдардың қарауына енгізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады
2) міндеттері:
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
- өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруҚолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3)мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
6) елді мекендер аумағының жерге орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
7) өз құзыреті шегінде жер сауда- саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
8) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық, аудандық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
9) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
10) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
11) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;
12) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
13) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
14) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттері
1) заңнамаға сәйкес «Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.;
2) «Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
«Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.
«Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
«Абай облысы Жарма ауданының
жер қатынастары бөлімі» ММ-сі басшысы С. Сатпеков