Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ереже

«Бекітілді»

«Абай облысының

қаржы басқармасы» ММ

2022 жылғы «____» ___________

№ ______ бұйрығымен

 

 

Абай облысы білім басқармасының

«Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жарма ауданы білім бөлімі) Абай облысы Жарма ауданыаумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.
  2. Жарма ауданы білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Жарма ауданы білім бөлімі мемлекеттік мекемесі нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаңдары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Жарма ауданы білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
  5. Жарма ауданы білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Жарма ауданы білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жарма ауданы білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Жарма ауданы білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Жарма ауданы білім бөлімінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 үй, пошта индексі 070600.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Жарма ауданы білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады».
  11. Жарма ауданы білім бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Жарма ауданы білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жарма ауданы білім бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Жарма ауданы білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің миссиясы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабында айқындалған.
  2. Жарма ауданы білім бөлімінің міндеттері:
  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
  • азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
  • әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
  • білім беру ұйымдарының дербестігін, автономдылығын кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
  • білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу негізінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
  • педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
  • қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі.
  1. Жарма ауданы білім бөлімі келесі функцияларды жүзеге асырады:

         1) Жарма ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

         2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

         3) мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

         4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

         5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;

         6) облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;

         7) облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;

         8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

         9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

         10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді);

         11) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

         12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;

         13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

         14) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);

         15) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

         16) аудандық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек, мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетеді;

         17) Жарма ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

         18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жарма ауданы  бойынша педагогтар мен басшы білім беру қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;

         19)  бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;

         20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

         21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;

         22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

         23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;

         24) Жарма ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

         25) Жарма ауданында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

         26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

         27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

         28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

         29) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

         30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

         31) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

         32) ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

         33) білім бөлімінің құрылымын облыстың білім басқармасына бекітуге және келісуге енгізеді;

         34) Жарма ауданы бойынша қажеттілікке қарай мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып санын-жинағын келіседі;

         35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

         36) осы Ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;

         37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.             

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

3) білім беру ұйымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, қалада өткізілетін іс-шараларға қатысу;

5) қарамағында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

6) қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыруға құқылы;

7) мекеме әзірлеуші болып табылатын Абай облысы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

 

 

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Жарма ауданы білім бөліміне басшылықты Жарма ауданы білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Жарма ауданы білім бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Жарма ауданы білім бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Жарма ауданы білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;

3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;

4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

6) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жарма ауданы білім бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің мүлкі

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

           Жарма  ауданы  білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Жарма ауданы білім бөліміне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жарма ауданы білім бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімін

 қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Жарма ауданы білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

         Жарма ауданы білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:

 

1) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «№ 21 кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Новотаубинка бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Подхоз бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «С.Әлімбетов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Арқалық негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Аршалы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Балықтыкөл негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Васильковка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Қаражал негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Қоңырбиік негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Көшек негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Малай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Салқынтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Ұзынжал негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Шар негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Әди Шәріпов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «№236 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Мүтән Аймақов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

22) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

23) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Бақыршық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

24) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Бірлік орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

25) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Георгиевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

26) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Қажыкелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

28) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Дүйсенбі Қалматайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

29) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Қарасу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

30) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «П.Г.Карелин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

31) Абай облысы Білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

32) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Н.Крупская атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

33) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Маяковский атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

34) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Суықбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

35) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «П.Теряев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

36) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

37) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

38) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

39) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «К.Шакенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

40) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

41) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

42) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Аққу» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

43) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Алтынай» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

44) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

45) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Бастау» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

46) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

47) Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Дата публикации
30 апреля 2025