Жарма ауданы әкімдігінің
2022 жылғы____________
№ ___ қаулысымен бекітілді
«Абай облысы Жарма ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Абай облысы Жарма ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2.Бөлімде ведомствоаралық мекемелер жоқ.
Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13.Мақсаттары:
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдылығымен қатынас жасайтын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жасау;
2) әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және басқа жоспарларын жасауда орындаушы органдармен келісілген өзара қарым –қатынасты қамтамасыз ету;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы сұрақтары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орындаушы органдар қызметін үйлестіру:
4) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге аудандық бюджет жобасын әзірлеу және бекіту;
Құқықтары:
1) Бөлімге қойылған міндеттердің орындалуына байланысты, мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар келісімдері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қарауына ұсыныс енгізу;
Міндеттері:
1) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелер бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарғаұйымдық-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да көмек көрсетуге;
2) Бөлім мүддесін мемлекеттік органдарда, сотқа ұсынуға;
3) өзінің құзыреті аясында шарт, келісім бекітуге;
4) мемлекеттік органның құзыреті аясында аудан әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлеуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және фунционалдық міндеттерге қарама-қайшы келетін экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша басқа да қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі бар;
1) Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдауын жүргізу (ауылдық аймақтар, әлеуметтік орта, өндірістік инфрақұрылым және экономиканың нақты секторларын), аналитикалық хаттар және анықтамалар әзірлеу;
2) Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспортын жасау;
3) аудандық бағдарламалардың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларын орындаудың мониторингін жүргізу;
4) мемлекеттік бағдарламалар бөлімінде инвестициялық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
5) инвестициялық жобаларды жасаудың мониторингін жүргізу;
6) сәйкес келетін бағдарламалар жасау бойынша шаралар жоспарына және салалық бағдарламаларға, аудан аумағын дамыту бағдарламасының бастапқылығына сәйкес және экономикалық тиімділікке, олардың мақсатқа сәйкестігі бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздеуінің экономикалық сараптамасын жүргізу;
7) бөлімге жүктелген тапсырмаларды орындау үшін қызметтік тұлғалар және мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
8) облыстық және аудандық әкімдіктердің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және орындау;
9) аудан әкімдігі қаулысының жобаларын мемлекеттік мекеме құзыреті шегінде іске асыру;
10) аудан аумағында бірыңғай мемлекеттік бюджеттік саясатты жүзеге асыру;
11) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа мерзімді және орта мерзімдікелешекке аудандық бюджеттің кірістері мен шығындары бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру;
12) жергілікті бюджет түсімдерін болжау;
13) аумақтық салық органымен бірігіп (келісім бойынша) аудандық бюджет кірістерін болжау;
14) аудандық бюджетті қалыптастыру және аудандық мәслихатпен бекіту үшін шешім жобасын әзірлеу;
15) жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерлері бойынша шығындар көлемін болжаужы жүзеге асыру;
16) аудан әкімдігінің сәйкес келетін қаржылық жылға аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қаулысының жобасын әзірлеу;
17) қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
18) «Аумақтарды дамыту» бағдарламасын әзірлеу және орындалуын бақылау;
19) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы қарсаңында аумақтарды экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды жүзеге асыру;
20) жергілікті өзін-өзі басқарудың трансферттерін жүзеге асыру;
21) тұрғылықты үй сатып алу үшін бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы беру бойынша елді мекендерге тұрғылықты тұру үшін және жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
22) ұдайы сақталатын істерді дайындау, іріктеу және жою, істерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыру және сақталуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді;
23) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген басқа да өкілдікті жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді:
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін қорғайды;
6) Жарма ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
8) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Абай облысы Жарма ауданының
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің басшысы Н.Сейтказина