«Абай облысыЖарма ауданыкәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Жарма ауданы әкімдігінің

                             20___  жылғы____________

                                                                                        № ___ қаулысымен бекітілді

 

 

 

«Абай облысыЖарма ауданыкәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Абай облысы  Жарма ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  (бұдан әрі – Бөлім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  мекеме  болып  табылады.
  2. Бөлімде ведомствоаралық мекемелер жоқ
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылғын мөртабанлары , белгіленген үлгідегі бланкілері,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.Бөлім азаматтық –құқықтық қатынастардыөз атынан  жасайды.

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  2. Бөлімөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  3. Бөлімнің құрылы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына бекітіледі.
  4. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы,Қалбатау ауылдық округі,Қалбатау ауылы,Достық көшесі № 98, индекс 070600.
  5. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  6. Бөлімқызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  7. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен әкімнің аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік мекеменіңмиссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13.Мақсаттары:

1) кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау жүзеге асырады;

2)  аудан аумағында сауда қызметін реттейді;

3)  туристік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асырады;

4) туристік қызметке жәрдемдеседі және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды;                    

5) ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде аграрлық сектордың, оның даму тенденциясының перспективаларын анықтайды;

6) нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, біріңғай қыржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді;

7) жеке меншік негізінде ауылда әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандардың дамуына және құрылуына көмек көрсетеді;

8) ғылыми – техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді;

9) аудан аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жайында мониторинг жүргізеді.

  1. Өкілеттері:

Құқықтары:

1) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстырады;

3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тіртіппен кеңес өткізуге бастамашылық етеді;

4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұратады;

5) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді;

6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;

7)  бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізеді;

Міндеттіері:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстырады;

2) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық етеді;

3) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұратады;

4) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді;

5) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;

6) бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

  1. Функциялары:

1) аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

2) өңірде шағын және орта кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

3) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

4) бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды;

5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

7) аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

8) аудан аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстық жергілікті атқарушы органына береді;             

9) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

10) аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

11) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;                                            

13) агроөнеркәсіптің кешен субъектілерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;

14) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

15) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізеді;

16) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізеді және оны Абай облысының жергілікті атқарушы органына береді;

17) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді.

18) тиісті өнірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және Абай облысының жергілікті атқарушы органына есептілік ұсынады;

19) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне аудан бойынша жергілікті атқарушы орган құзыретіне кіретін әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды қарауға енгізіледі;

20) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

16.Бөлімдібасқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

  1. Бөлім басшысынбірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
  3. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;

3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді:

5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін қорғайды;

6) Жарма ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;

8) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.

9) Бөлім басшысы болмаған кезінде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға басқарады.

 

 

4-тарау. Бөлімнің мүлкі

 

  1. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығын оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде  сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге

 бекітіліп берілген мүлік округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.

 

24.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 апреля 2025