Жарма ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «____» _________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Абай облысы
Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1- тарау. Жалпы ережелер
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) мәдени-ағарту, өнер ұйымдарының идеологиялық және адамгершілік, эстетикалық тәрбиеде мәдени ағарту, өнер ұйымдарын дамыту рөлін арттыруды қаматамасыз ету;
2) тұрғындарға мәдени көрсету үлгілерін одан әрі жетілдіру;
3) өнердің барлық түрлерін, халық шығармашылығы, фольклор,көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту;
4) шығармашылық одақтар мен ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;
5) мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайту мен жаңарту жөніңдегі іс-шараларды жүзеге асыру;
6) ведомствоға бағынысты ұйымдардың кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, қызметкерлердің білімі мен ең озық тәжірибелерін пайдалану;
7) мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;
8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану.
1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат, құжаттар, басқа да материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға және алуға;
2) лауазымды тұлғаларға тапсырма беру және олардың орындалуын талап ету;
3) аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің мәжілістеріне қатысу;
4) ғылыми мекемелер, мәдениет және өнер қайраткерлері, филологтар мен тіл танушы мамандарды, басқа да ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;
5) мемлекеттік басқару органдары, мұрағат, ғылыми мекемелер ақпараттық дерек қорын пайдалану;
6) бөлімнің ұйымдық, құқықтық, ақпараттық–сараптама жұмыстарын және оны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру;
7) қолданыстағы заң актілермен ескерілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.
- Жарма ауданының аумағында мәдениет пен өнерді жаңғырту, сақтау, дамыту, көпшілікке тарату және тілдерді дамыту, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.
- Жарма ауданының аумағында мәдениет пен өнерді жаңғырту, сақтау, дамыту, танымал ету және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдау және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау және пайдалану жөніңдегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жаппай мәдени іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқау, фестиваль және конкурс өткізуді жүзеге асырады;
4) ауданның мемлекеттік мәдениет мекемелерін аттестаттаудан өткізеді;
5) өзінің құзыреті аясында мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
6) ауданның мәдени мақсатта тағайындалған объектілерінің құрылысы, құрылысты қайта жаңарту және жөндеу туралы тапсырысшы бола алады;
7) мемлекеттік мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуін қолдайды және жәрдем көрсетеді;
8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» деген мәртебе ұсынады.
9) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің атауы және олардың атауын қайта өзгерту, сондай-ақ олардың атауының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныс енгізеді;
11) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 729 бабының 1 тармағы негізінде осы Кодекстің 75 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау.
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлімнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.