«Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жарма ауданы әкімдігінің
2012 жылғы_____________
№____қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Жалпы ережелер
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары болады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысынң бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Шығыс Қазақстан обылысы, Жарма ауданы, Достық көшесі 98, индекс 070600.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылыды.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тйым салынады.
Егер «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы:
Тұрмыстық-коммуналдық, әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік- мәдени мақсатындағы объектілерді уақытында қайта жаңарту және салу.
- Міндеттері:
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты құрылыс кешенінің, дамыту, және қалыптастыру болып табылады.
- Құрылыс саласында алдыңғы қатарлы технологиялардың, ғылымының әдіс-тәсілдері мен іске асыру жолдарын, негізгі ғылымыи- технологиялық бағыттарын анықтап, жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттікмекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
- Функциялар:
- Аудан аумағында барлық құрылыс, сәулет және қала құрылыс кешенінің қызметін үйлестіру, күрделі құрал мен құрылыс материалдары өнеркәсібінің базасын дамыту жөніндегі әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды әзірлеуге және келісуге қатысады;
- Құрылыс және қала құрылысының Заңын бақылайды, мемлекеттік қала құрылысы жөніндегі мемлекекттік жүйеленген жиынтық базасы (кадастр) құрастырады. Құрылыс, қайта жаңарту, күрделі жөндеу жұмыстары, қала дизайыны мен көркейту сұрақтары бойынша нормалары негізінде құрылыс бағдарламалар саласында ұсыныс әзірлеу, салынатын құрылысқа сәулет – жобалық тапсырма дайындау, құрылыс объектілерін мониторингін шығарады;
- Құрылыстың ұзақ мерзімді бағдарламаларын, белгілі аймақтық көркейту мен инженерлік саласының құрылыс ережелерін жоспарлап, құрылыс қорының ғимараттар мен мекемелердің сақталуы мен мазмұнын әзірлейді, объектілердің техникалық жағдайы перспективалық болжамдарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұймдастыруларын қамтамасыз ету;
- Аудан аумағында құрылыс өндірісімен шұғылданатын кәсіпкерлік – коммерциялық құрылымдарыме, ғылыми – зерттеу және – жобалық іздестіру ұйымдарымен, өнеркәсіп, құрылыс материалдары кәсіпорындарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып құрылыс кешеніне басшылық жасайды, аудандағы ғимарат пен құрылыс жүргізілетін жердің, қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарының жобасын әзірлеп, бекітеді.
- Обылыс және аудан әкімінің тұрғын үй және мәдени – тұрмыстық бағыттағы нысандардың, техникалық жағдайын жақсарту, құрылысы аяқталмаған нысандардың, апатты және ескі трғын үйдің құрылысы жөніндегі бағдарламаларын жасау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Жергілікті аумақтағы бас жоспарлық жоспардың іске асыруын, әзірлеуі мен толықтыруын қадағалап бақылайды, жер көлемін шектеу кезектегі жедел жоспарды жүргізеді, жобалау – жоспарлау жұмыстардың техникалық тапсырушы аясндағы сұрақтарды шешеді, сол жұмыстарды қарастырып келіседі.
- Бөлімнің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.
- Құқықтары мен міндеттері:
«Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндетін атқаруда белгіленген заң шегінде келесі құқығы бар:
- Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін, ауданның тиісті мемлекеттік органдарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастырып алу;
- Аудан территориясында барлық сәулет және құрылыс қызметтерінің орындалуы мен жергілікті аймақтың көркемдеу мен көркейтілуіне басшылық етуге, құрылыс жүргізу сұрақтары бойынша шешімдер қабылдайды;
- Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламасына әкімдік (бақылау) рөлін атқарады;
- Құрылтайшының талабы бойынша барлық жергілікті атқарушы органдардың аудандық бюджеттен қаржыландырылған сәулет және құрылыс кшенінің сұрақтары бойынша тексеру,бақылау жұмыстарын жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Заңдылығын бұзған заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартуға ұсыныс жасау;
- Заңдылық бойынша басқада құқықтары бар.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикаының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі: Бөлім басшысы, бөлім жұмысын ұйымдастырып басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын іске асыру үшін жауапкершілік атқарады. Бөлім басшысы осы мақсатта:
1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) бөлімдегі қызметтік лауазымға тағайындау және босату туралы заңға сәйкес шешім қабылдайды;
3) бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолдануға заңға сәйкес шешім қабылдайды, заңға сәйкес басқада өкілеттігін жүзеге асырады.
«Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
- Мемлекеттік органның мүлкі.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай крістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респуликасының заңнамасында тиым салынбаған өзгеде көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастырыу және тарату
- «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жарма ауданының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Мұхаметқали