Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2025 жылғы қаңтар – наурыз айларының
қорытындылары
Өнеркәсіп өнімі:
Ағымдағы жылдың қаңтар – наурыз айларында өнеркәсіп өнімі көлемі 143 132,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 56 336,3 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 164,9 пайыз, нақты көлем индексі – 103,2 пайыз (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 86 796,3 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма: 124 173,3 млн.теңге, орындалуы 115,3 пайызды құрады.
Оның ішінде тау – кен өнеркәсібінің көлемі 135 667,1 млн. теңгені құрап, 52 861,5 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 163,8 пайыз, нақты көлем индексі – 100,2 пайыз (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 82 805,6 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма: 120 880,4 млн.теңге, орындалуы 112,2 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім 6 020,6 млн. теңгені құрап, 3 191,2 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 212,8 пайыз, нақты көлем индексі – 202,5 пайыз (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 2 829,4 млн. теңге).
Жоспар тапсырма: 3 292,9 млн. теңге, орындалуы 182,8 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі:
Қаңтар – наурыз айларының есепті кезеңіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3 622,7 млн. теңге деңгейінде орындалып, өсу қарқыны – 65,5 пайызды, нақты көлем индексі – 100,7 пайызды құрады (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 5 531,5 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма: 3 949,5 млн. теңге, орындалуы 91,7 пайызды құрады.
*Көрсеткіштің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі халықтың және шаруа қожалықтарының тірі салмақтағы мал басын сатуы болып табылады, ол статистикалық есепте ескерілмейді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің іс жүзінде қалыптастырушы көрсеткіші сою салмағындағы ет болып табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар:
Есепті кезеңде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 437,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 80,9 млн. теңгеге кеміді. Өсу қарқыны – 96,8 пайыз, нақты көлем индексі – 94,5 пайыз (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 2 517,9 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма: 3 600,0 млн. теңге, орындалуы 67,7 пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі:
Қаңтар – наурыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 358,1 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес деңгейінен 159,7 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 180,5 пайызды, нақты көлем индексі – 177,3 пайызды құрады (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 198,4 млн. теңге).
Жоспар – тапсырма: 400,0 млн. теңгені құрап, орындалуы 89,5 пайызды құрады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру:
Ағымдағы жылдың қаңтар - наурыз айларында пайдалануға берілген тұрғын-үй көлемі 2 316 шаршы метрді құрап, өсу қарқыны 100,3 пайызды құрады (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 2 309 шаршы метр).
Жоспар – тапсырма: 2 100 ш.м. құрап, орындалуы 110,3 пайызды құрады.
Бөлшек тауар айналымы:
Қаңтар – наурыз айларында бөлшек сауда көлемі 4 970,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 612,5 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 114,1 пайыз, нақты көлем индексі – 105,8 пайыз (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 4 357,9 млн. теңге).
Жоспар – тапсырма: 5 124,8 млн. теңге, орындалуы 97,0 пайызды құрады.
Көтерме сауда көлемі:
Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 1 366,3 млн. теңгені құрап, өсу қарқыны 261,8 пайызды, нақты көлем индексі – 254,7 пайызды құрады (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 521,9 млн. теңге).
Жоспар – тапсырма: 595,5 млн. теңге, орындалуы – 229,4 пайыз.
Шағын және орта бизнес:
Есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 401 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 34 бірлікке немесе 1,4 пайызға кеміді (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 2 435 бірлік).
Жоспар – тапсырма: 2 445 бірлік, орындалуы – 98,2 пайыз.
Меншікті кірістер:
Қаңтар – наурыз айларында ауданның меншікті кірістер көлемі 2 295,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 158,6 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны – 107,4 пайызды құрады (2024 жылғы қаңтар – наурыз: 2 137,1 млн. теңге).