Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2024 жылы атқарылған іс-шаралары туралы
1 Наурыз күні Абай облысының орталығы Семей қаласында «Ұрпақтан ұрпаққа» атты облыстық байқау өтті. Байқауға 8 аудан, 2 қала өнерпаздары қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
Байқау қорытындысы бойыншы Жарма ауданынан қатысқан «Алтын ұя» командасы 1 жүлделі орынды жеңіп алды.
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Абысын ажын» атты байқау өтті. Байқауға 10 үміткер команда қатысып, жалпы саны 46 абысын 6 кезең бойынша бақ сынасты.
6 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде көктемнің шұғылалы күні Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында аудан әкімі Ж. Байсабыров барша әйел қаумын мерекемен құттықтап, әр салада қызмет жасап, ауданымыздың әлеуметтік-эконмикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар нәзік жандарды алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты жиын соңы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
14 наурыз күні Амал мерекесі-көрісу күніне орай аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті. Шараға аудан әкімі Ж. Борашұлы Байсабыров қатысып, жиналған қауымды Амал күні мерекесімен құттықтады.
18 наурыз күні Аудандық кітапханада «Ұлттың киімі- ұлт мәдениеті» атты іс-шара өткізілді.
22 наурыз күні Қалбатау ауылының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні «Армысың, әз Наурыз» мерекесі аталып өтілді. 90 оқушыдан құралған флешмоб мерекені ашты. Алаңға мекеме-ұйымдар тарапынан ұлттық руханиятымыз бен тарихи жәдігерлермізді сан қырынан көрсететін 10 киіз үй тігіліп, «Асыл мұра» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі жиналған тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
23 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай, Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Кітап шоу-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға ақын, жазушылар, мектеп оқушылары, ұстаздар кітапхана мамандары, оқырмандар қатысты.
Әуезов кентінің Мәдениет үйінде Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлермен кездесу өтті. Кездесу аяғы концерттік бағдарламаға ұласты.
1 мамыр мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтті. Мерекелік шараны аудан әкімі Ж. Байсабыров құттықтау сөз сөйлеп, халықтар достығын нығайтуға, ел арасында бірлік пен татулықты насихаттауға арналған шараларға белсене қатсып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Фестиваль аясында Достық үйінің жанынан құрылған ауданның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өз өнерлерін, салт-дәстүрлерін көрсетті. Мереке «Би әлемі» байқауының іріктеу кезеңімен жалғасты. Байқауға әр округтан келген 23 би тобы қатысты.
31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтті.
Қалбатау ауылының орталық алаңында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық «Айналайын», «Би әлемі» байқауларының қорытындысы бойынша дипломдар мен грамоталар беріліп, сыйлықтар таратылды, арнайы балаларға «Алдар көсе» мультфилімі көрестілді.
4 маусым күні Қалбатау ауылының орталық алаңында, Шар қаласында Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба және ҚР әнұранының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын нышандар, мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі ретінде аудан жұртшылығы ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтті.
Қалбатау ауылында, Шар қаласында 14-маусым күні Халықаралық әкелер мерекесіне орай «Әке-тәрбие тамыры» атты мерекелік іс шара жоғары денгейде аталып өтті.
Ұлттық домбыра күні "Домбыра" ескерткішінің жанында "Домбыра - асыл қазына" атты поэзия сағаты өткізілді.
19 шілде күні Әуезов кентінде Металург күні аталып өтті. Осы мейрамға орай кентте арнайы балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Кешкі мерекелік концертте Музарт, Айкын Төлепберген және Райым сияқы әншілер өз өнерлерімен кент тұрғындарына керемет көңіл күй силады. Кеш соңы от шашумен аяқтады.
6 шілде күні Қалбатау ауылының орталық алаңында Астана күні мерекесіне орай "Елімнің жүрегі-Астана" атты мерекелік концерт және "Ашық микрафон" таланттар шоуы өтті."Ашық микрафон" таланттар шоуына 5 жастан 70 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. "Ашық микрафон " таланттар шоуы "Елімнің жүрегі-Астана " әнімен аяқталып қатысушыларға сыйлықтар таратылды, мереке соңы жастарға арналған би кешімен жалғасты.
Қолөнершілерді қолдау мақсатында облыстық қолөнершілер орталығының өкілдері аудандар мен елді мекендердегі шеберлерді анықтау үшін 24-ші шілде күні аудан орталығы Қалбатауға келіп өңіріміздегі халық қолөнерін сақтау және ұлттық дәстүрлерді дамыту, жаңа авторлық бұйымдар мен шеберлерді іздеу барысында ауылымыздың қолөнершілерімен аудандық музейде кездесіп көрме ұйымдастырды.
25 шілде күні “Домбыра” ұлттық телеарнасының директоры Қанат Ержігітов бастаған түсірілім тобы ауданымызға келіп, өңіріміздің тарихы мен өнері туралы деректі фильм түсірді. Ауданымыздан шыққан батырлар мен шешендер, ақын жыршылар дәріптелді.
27 шілде күні ауданымызда Абай күніне арналған "Абай -дана, Абай дара тұлға" атты ашық микрофон өткізілді.
02 тамыз күні Шар қаласының орталық алаңында «Теміржолшылар күні» мерекесіне арналған «Теміржол- ел экономикасының күре тамыры» атты мерекелік кеш өткізілді.
"Abai guiz" интеллектуалды ойын 2024 жылдың 10 тамыз күні Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Жарма Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.
Интеллектуалды ойынға әр әкімшілік- аумақтық бірліктерден 14 топ қатысып бақ сынасты.
Әр топ мемлекеттік қызметкер, БАҚ саласының өкілі, мәдениет саласының қызметкері мен қоғам белсенділерінен құралған 4 ойыншыдан тұрды.
3 кезеңнен құралған байқау Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты болды.
Аудандық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына орай «Ұлы дала ақыны» атты жыр мүшайрасы өтті. Жыр мүшайрасының мақсаты –Төлеу Көбдіковтың ақындық қабілетін, өлеңдерін келешек жастарға дәріптеп жырға қосу. Мүшайраға ауданымыздың 9 ауылдық округінен 15 жастан жоғары 9 ақын қатысты.
Тамыздың 22-23 күндері Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына орай «Төлеу ақын тағылымы» тақырыбында облыстық конференция, «Өлеңнің ұлы дариясы» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
30-тамыз күні Аудандық мәдениет үйінде Конститутция күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Қыркүйектің 5 күні Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні "Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты мерекелік викториналық ойындар өткізілді.
6 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі аталып өтті. Шара барысында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Райым Жолдасбекұлы құттықтау сөз сөйледі, тіл жанашылары мен қоғам белсенділерін марапаттады. Соңы мерекелік концертпен ұштасты.
1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы сөз сөйлеп, ауданға қарасты округтардан келген үлкен ата—апаларымызды төл мерекелерімен құттықтап аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті.
Жарма Аудандық Мәдениет сарайында 24 қазан күні Республика күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын аудан әкімі Борсукбаев Нұрлан Мұхамедрақымұлының құттықтауымен басталды.
15 қараша ұлттық валюта күніне орай «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында «Бақыршық орта мектебінің» оқушыларымен кеш өткізілді.
14 қараша күні Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі жастардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл – қыздарды тәрбиелеу мақсатында Қалбатау ауылының Мәдениет үйінде «Екі жұлдыз» атты сайыс өткізілді.
Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет сарайында "Тіл-тәуелсіздіктің қуатты тірегі" атты сайыс өтті.
Жарыста Жарма ауданының әр өңірінен келген 17 команда бақ сынасты.
21 желтоқсан күні Қалбатау ауылының орталық алаңында шырша шамдарын жағу рәсімі өтті. Сонымен қатар мекемелер арасында жаңа-жылға жасаған «Жыл 12 ай » мүсіндер сайысының қортындысы бойынша марапаттау, көпшілік қыдырыс, жаңа-жылдық мерекелік концерт және би кеші өткізілді.
27-28 желтоқсан күндері Жарма аудандық мәдениет сарайында Аудан әкімінің Ерекше жандарға арналған балалар шыршасы өтті.
30 желтоқсан күні Аудандық Мәдениет сарайында «Хош келдің жаңа-жыл» атты балмаскарад өткізілді.
31 желтоқсан күні ауыл тұрғындарына, жастарға арналған жаңа-жылдық би кеші өткізілді.